jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Жаңаөзенде дәрігер аурухана дәлізінде алған пышақ жарақатынан көз жұмды

    Медицина қызметкері
    Медицина қызметкері. Көрнекі фото: pixabay.com

    Жаңаөзенде 29 жастағы терапевт-дәрігер аурухана дәлізінде пышақ жарақатынан көз жұмды. Қайғылы жағдайдың марқұмның қызметіне қатысы жоқ екені айтылуда, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Маңғыстаулық журналист Айсұлу Дүтбаева Facebook-те 28 қаңтарда Жаңаөзенде болған оқиғаны баяндап, жазба жариялады

    "Жаңаөзен қаласы. Бүгін, шамамен сағат 14:00-де, терапевт-дәрігерге шабуыл жасалды. Ер адам оны пышақпен ауыр жарақаттады. Әріптестері оны құтқарып қалу үшін соңына дейін арпалысты, өкінішке қарай, дәрігер алған жарақатынан көз жұмды.

    Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаның марқұмның кәсіби қызметіне және оның медициналық мекемедегі жұмысына ешқандай қатысы жоқ. Оқиға тұрмыстық сипатта болған. Бейресми ақпарат бойынша және куәгерлердің айтуынша, оған қызғаныш себеп болуы мүмкін

    Сондай-ақ күдікті мұнай өнеркәсібінде жұмыс істегені туралы айтылуда. Оның әйелі сол ауруханада медбике болып жұмыс істейді. Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр. Қайтыс болған дәрігер 29 жаста болған", - деп жазды журналист.

    Оқиғаға қатысты Маңғыстау облысының полиция департаменті түсінік берді.

    28 қаңтарда Жаңаөзен қаласында 29 жастағы ер адам пышақ жарақатынан қайтыс болды. Кісі өлтірді деген күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    Алдын ала тергеп-тексеру нәтижесі бойынша, екі адам арасындағы жанжал тұрмыстық даудан туындаған. Оқиғадан кейін күдікті Жаңаөзен полиция бөліміне өз еркімен келіп, қылмысын мойындады.

    Полиция Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті тергеп-тексеруді қамтамасыз ету үшін тергеу шаралары жүргізілуде", - делінген полиция хабарламасында.

    Жаңаөзенде дәрігер аурухана дәлізінде алған пышақ жарақатынан көз жұмды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.