Қазақтар мен қырғыздарға тіл тигізді деген Екатерина Биволға қатысты сот шешімі шықты
Опубликовано:
Читать на русском
Ресейде Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайына қатысты сот шешімі жарияланды. Екатерина Биволға ұлтараздықты қоздырды деген әкімшілік айып тағылған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Санкт-Петербург соттарының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Санкт-Петербург соттарының біріккен баспасөз қызметі Екатерина Биволға қатысты сот шешімін жариялады. Екатерина Бивол әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
"Сот оған 60 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасын тағайындады", - делінген хабарламада.
Биволдың айтқан сөздерін лингвистикалық талдау анықтамасына сәйкес, оның мәлімдемесінде ұлты, тілі және шығу тегі бойынша адамдар тобына, атап айтқанда қырғыздар мен қазақтарға теріс баға берілген.
"Теріс баға тіл тигізу және бейәдеп сөздер арқылы жеткізілген. Жоғарыда аталған бейнежазбадағы мәтінде бір адамдар тобының екіншісінен артықшылығы (генетикалық) сөз болған", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, әлеуметтік желіде Екатерина Биволдың қырғыз халқын балағаттаған видеолары тарап, ол елдің ашуын тудырған еді.
Бішкек қалалық соты боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайы Екатерина Биволды сырттай қамауға алу туралы шешім шығарып, халықаралық іздеу жариялады. Қазақстанның Ішкі істер министрлігі де Екатерина Биволға іздеу жариялады.
Кейін Ресей Ішкі істер министрлігі Екатерина Биволдың Қазақстан мен Қырғызстан тұрғындары туралы айтқан сөздеріне қатысты тексеру жүргізуді бастағанын хабарлағанбыз.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2337202-qazaqtar-men-qyrgyzdarga-til-tigizdi-degen-ekaterina-bivolga-qatysty-sot-sheshimi-shyqty/