jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Түркістан облысында үш полицей қызды зорлаған": желіде тараған ақпаратқа қатысты тексеріс басталды

    Полицей
    Полицей. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Желіде Түркістан облысында полицияның үш қызметкері қыз зорлады деген ақпарат тарады. ІІМ тексерісті бастады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Egovpress Telegram-арнасында құқық қорғау органдары қызметкерлері заңсыз әрекеттерге барды деген ақпарат тарады.

    "Түркістан облысы ПД-ның үш қызметкері зорлық жасаған. Олар жедел түрде жұмыстан шығарылды. Қылмыстық іс қозғалды. Тексеріс жүріп жатыр", - делінген жазбада.

    NUR.KZ тілшісі пікір сұрап, ІІМ баспасөз қызметіне жүгінді. Онда Түркістан облысының 18 жасар тұрғыны жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу туралы арыз жазып, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды.

    "Полицияның бұрынғы қызметкерлерінің іске қатысы бар-жоғы толыққанды тексеріліп жатыр және сотқа дейінгі тергеу аясында құқықтық баға беріледі.

    Одан бөлек қызметтік тексеріс нәтижелеріне сай, аталған қызметкерлер ішкі істер органдарынан теріс себептермен - қызметінің беделіне нұқсат келтіргені үшін шығарылған", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері.

    Оқиғаның жан-жақты, толыққанды және әділ мән-жайларын анықтауға бағытталған тиісті тергеу әрекеттері жасалып жатқаны да айтылды. Тергеу барысы ішкі істер министрінің ерекше бақылауында.

    "Түркістан облысында үш полицей қызды зорлаған": желіде тараған ақпаратқа қатысты тексеріс басталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.