jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Шымкентте тыйым салынған "күлкі газын" сатып келген түнгі клуб әшкереленді

    Күлкі газы
    Тыйым салынған заттар. Фото: polisia.kz

    Шымкенттегі түнгі клубтардың бірінде "күлкі газы" деген атпен белгілі тыйым салынған азот тотығы жүйелі түрде сатып келген. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Ведомство мәліметінше, биылдан бастап Қазақстанда күшті әсер ететін заттардың, оның ішінде тыйым салынған қосылыстардың заңсыз айналымына қатысты әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленді. Тыйым салынған заттардың қатарында түнгі клубтарда кеңінен таралған "күлкі газы" деп аталатын белгілі азот тотығы да бар.

    Биыл бірқатар өңірлерде аталған затпен толтырылған металл баллондарды заңсыз тасымалдау және сақтау фактілерін анықталып, жолы кесілген.

    "Атап айтқанда Шымкент қаласындағы түнгі клубтардың бірінде "смешариктер" деп аталатын күшті әсер ететін өнім жүйелі түрде сатуға қойылғаны анықталды.

    Жүргізілген жедел іс-шаралар барысында 416 баллон сақталған тұтас бір қойма анықталды, олардың жартысы тыйым салынған қосылыспен толтырылған.

    Тиісті сараптама тағайындалды", - дейді ведомство өкілдері.

    ІІМ азот тотығын медициналық мақсаттан тыс пайдалану қауіпті екенін ескертті. Бұрын адам өліміне әкеп соққан жағдайлар болған. Күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымы үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және тыйым салынған заттардың жолын кесуге бағытталған іс-шаралар жалғасады.

    Шымкентте тыйым салынған "күлкі газын" сатып келген түнгі клуб әшкереленді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.