jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Жаңаөзенде жеті баланың анасы кісі қолынан қаза тапты: күйеуі күдікке ілінді

    қылмыс орны
    Қылмыс орны. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Жаңаөзенде жеті баланың анасы кісі қолынан мерт болды. Күйеуі күдікке ілініп, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Маңғыстау облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

    Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 қаңтарда Жаңаөзенде пышақ жарақатынан 44 жастағы әйел қайтыс болды.

    "Күдікті – марқұмның күйеуі. Ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала мәлімет бойынша, қылмысқа тұрмыстық жанжал себеп болған" - деп хабарлады Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

    Аталған факті бойынша полиция Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады.

    Болған оқиғаның мән-жайын объективті және толық тексеруге бағытталған тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

    Жаңаөзенде жеті баланың анасы кісі қолынан қаза тапты: күйеуі күдікке ілінді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.