jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Атырауда адам саудасына қатысты 21 дерек тіркелген (видео)

    Заң бұзғандарды ұстау сәті
    Заң бұзғандарды ұстау сәті. Кадр видеодан: instagram.com/police.atyrau/

    Атырауда адам саудасына қатысты 21 дерек анықталған. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

    "Атырау облысы полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы адам саудасы қылмыстарының жолын кесу, оларды анықтау және қоғамға төнетін қауіп-қатерін азайту бағытындағы жұмыстарды ұдайы жүргізіп келеді.

    Аталған жұмыстар аясында "Стоп трафик" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп, жезөкшелікпен айналысатын, жеңгетайлық қызметпен шұғылданатын, сондай-ақ дәстүрлі емес сексуалдық бағыттағы адамдар анықталып, полиция органдарына жеткізілді. Олармен заң талаптары, құқық бұзушылықтың салдары және әлеуметтік қауіптері түсіндіріліп, профилактикалық сұхбаттар жүргізілді. 2025 жылдың қорытындысымен облыс аумағында ұйымдасқан топ немесе қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, қылмыстық топқа қатысу, сондай-ақ жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру деректері бойынша 21 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді", - делінген хабарламада.

    Атырауда адам саудасына қатысты 21 дерек тіркелген (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.