"Анасы баласын ұрып-соққаны туралы ақпарат келіп түсті": Жамбыл облысында қылмыстық іс қозғалды
Опубликовано:
Читать на русском
Қазақстанның Балалар құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Зәкиева Жамбыл облысындағы баланы ұрып-соғуға қатысты жағдай туралы хабарлады. Қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Өткен аптада бізге Жамбыл облысында баланы анасы ұрып-соққаны туралы ақпарат келіп түсті. Қылмыстық іс қозғалды. Балалар мекемеге орналасты", - деп жазды балалар омбудсмені Instagram желісіндегі парақшасында.
Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті де бұл жағдайға қатысты пікір білдірді. Ведомство өкілдері сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын және сот-медициналық сараптама тағайындалғанын хабарлады.
"Бүлдіршіндер балалар үйіне уақытша орналастырылды, олардың қауіпсіздігі мен қажетті күтімі толық көлемде қамтамасыз етілді. Оларға медициналық көмек көрсетілуде, қазіргі уақытта дәрігерлердің жіті назарында, жағдайлары тұрақты.
Балаларға қатысты қатыгездікке ешбір жағдайда жол берілмейді. Аталған дерекке тиісті құқықтық баға беріліп, кінәлі тұлғалар заң аясында жауапкершілікке тартылады", - деді комитет өкілдері.
Сондай-ақ ата-ана құқықтарынан айыру мәселесі Кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияда белгіленген тәртіппен қаралатыны белгілі болды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2338492-anasy-balasyn-uryp-soqqany-turaly-aqparat-tusti-zhambyl-oblysynda-qylmystyq-is-qozgaldy/