Жетісу облысында арнайы операция жүргізілді: 57 адам алданған алаяқтық схемасы әшкереленді
Опубликовано:
Жетісу облысы полиция қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен ауқымды интернет-алаяқтықпен айналысты деген адамдардың әрекетін әшкереледі. 23 жастағы Алматы тұрғыны жасырын call-орталық құрды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Жетісу облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, схеманың ұйымдастырушысы – Алматы қаласының 23 жастағы тұрғыны қатысушылар арасында міндеттерді нақты бөліп, жасырын call-орталық құрған. Алаяқтар әлеуметтік желі мен Telegram мессенджері арқылы әрекет етіп, "дропперлер", сондай-ақ ақшаны қолма-қол айналдыру қызметтерін пайдаланған.
"Күдіктілердің әрекеттерінен 57 адам зардап шеккен, олардың ішінде кейбір жәбірленушілер 1 млн теңгеден астам қаражатынан айырылған. Келтірілген жалпы материалдық шығын 36 млн теңгеден асты", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында жүрген өзге де күдіктілерді анықтау және ұстау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қылмыстық іс материалдары сотқа жолданды.
Жетісу облысының полициясы азаматтарды қырағылық сақтауға, күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға сенбеуге және алаяқтық фактілері туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға шақырады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2338596-zhetisu-oblysynda-arnaiy-operatsiia-zhurgizildi-57-adam-aldangan-alaiaqtyq-shemasy-ashkerelendi/