jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Оқушыларды алкогольді шамадан тыс тұтынатын адамдар тамақтандырған": Бурабайда мектеп директоры қызметінен босатылды

    Асхана
    Асхана. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Прокуратура Бурабай кентіндегі Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектептің қызметінде мектептегі тамақтануды ұйымдастыру кезінде жол берілген елеулі заңбұзушылықты анықтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақмола облысы прокуратурасына сілтеме жасап.

    Прокуратура мәліметіне сүйенсек, мектептегі тамақтануды ұйымдастыру бойынша конкурс жеңімпазы деп танылған жеткізуші конкурсқа қатысу барысында өзінің біліктілігі туралы жалған мәлімет ұсынған. Нақтырақ айтқанда өзінде жұмыс істемейтін қызметкерлерді (аспаздар, даяшылар және т.б.) көрсеткен.

    Конкурста жеңіп шыққаннан кейін жеткізуші мектептегі тамақтануды қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді іс жүзінде көрсетпей, өз міндеттемелерін тиісті өкілеттігі мен рұқсат құжаты жоқ үшінші тұлғаға заңсыз түрде берген.

    "Аталған тұлға жұмыстарды орындауға алкогольді шамадан тыс тұтынатын, сондай-ақ осы негіздер бойынша бұрын ата-аналық құқықтарынан айырылған адамдарды тартқан", - делінген прокуратура хабарламасында.

    Мектеп әкімшілігі жеткізушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін тексермей, мектептегі тамақтануды ұйымдастыруға рұқсат берген, бұл кәмелетке толмағандардың өмірі мен денсаулығына әлеуетті қауіп төндірген.

    Прокуратураның ұсынуы бойынша жеткізушімен жасалған шарт бұзылып, оны мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы сотқа талап арыз берілді.

    Ал мектеп директоры атқарып отырған қызметінен босатылды, конкурс комиссиясының мүшелері мен аудандық білім бөлімінің қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

    "Оқушыларды алкогольді шамадан тыс тұтынатын адамдар тамақтандырған": Бурабайда мектеп директоры қызметінен босатылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.