jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Жетісуда ауыр жарақат алған үш жасар бала ауруханаға түсті: әкесі ұсталды (видео)

    баланың әкесі ұсталды
    Баланың әкесі ұсталды. Видеодан кадр: instagram.com/zhetysu.police

    Жетісу облысында дене жарақатын алған үш жасар баланың анасы дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Артынша өз баласын ұрып-соғып, денсаулығына ауыр зиян келтірді деген күдікпен баланың әкесі ұсталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

    2 ақпанда, сағат 21:00-де "102" нөміріне медициналық мекемеден қоңырау түскен. Хабарламада ауруханаға денесінде зорлық-зомбылық белгілері, жарақаты бар үш жасар баланың жеткізілгені туралы айтылған.

    Аталған дерек бойынша "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

    Полиция қызметкерлері баланың әкесін тұрғылықты мекенжайы бойынша алкогольдік масаң күйде ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады.

    "Қазіргі уақытта анасы баламен бірге медициналық мекемеде, жәбірленуші балаға қажетті медициналық көмек көрсетілуде", - делінген полиция хабарламасында.

    Қазіргі таңда орын алған оқиғаның мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу және процессуалдық іс-шаралар кешені жүргізілуде. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы Полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында.

    Жетісуда ауыр жарақат алған үш жасар бала ауруханаға түсті: әкесі ұсталды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.