Адам ұрлау, бопсалау: Астана мен Алматыда аса ауыр қылмыс жасады деген топ мүшелері ұсталды
Опубликовано:
Полиция қызметкерлері мен ҰҚК қызметкерлері Астана және Алматыда бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасады деген топ мүшелерін ұстады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ІММ-нің Polisia.kz ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасап.
Басылымның хабарлауынша, күдіктілерге адам ұрлау, бопсалау және бөтеннің мүлкін қасақана жою фактілері бойынша айып тағылып отыр.
Басылым мәліметінше, Алматыда аталған топ мүшелері жергілікті тұрғынды ұрлап, күш қолданып, одан 12 млн теңге талап еткені белгілі болған. Бизнес өкілдеріне қысым көрсету, сондай-ақ оларды қорқыту мақсатында автокөліктерді өртеу фактілері тіркелген.
20-дан астам тінту жүргізіліп, ірі көлемдегі ақша, суық қару және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді. Алты күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз