jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Астана әуежайында Германия мен Қазақстан азаматтығы бар бір отбасының бес адамы ұсталды

    Көрнекі сурет
    Қазақстан паспорты. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Астана қаласының халықаралық әуежайында қос азаматтығы бар бес адамнан тұратын отбасы ұсталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Көліктегі полиция департаментіне сілтеме жасап.

    Қаңтар айында көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 190-нан астам шетелдік жауапкершілікке тартылды.

    Биыл қаңтарда Қазақстанның көші-қон заңнамасын бұзған шет мемлекеттердің 193 азаматы анықталып, жауапкершілікке тартылған. Сот шешімімен 61 шетел азаматы елімізден шығарылды. Сонымен қатар қос азаматтығы бар 23 адам анықталып, оларға қатысты заңнамада көзделген тиісті шаралар қабылданды.

    Атап айтқанда Астана қаласының халықаралық әуежайында "Астана - Франкфурт" бағыты бойынша рейске тіркелу кезінде әуежайдағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Қазақстан және Германия азаматтығына ие бес адамнан тұратын отбасын анықтаған.

    Азаматтық туралы заңнаманы бұзғаны үшін олардың әрқайсысына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылды. Астана қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен құқық бұзушылар кінәлі деп танылып, әрқайсысына 302 750 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

    Көліктегі ПД Қазақстанда қос азаматтыққа тыйым салынғанын және ол үшін 200 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынатынын немесе әкімшілік жолмен елден шығарылатынын, сондай-ақ Қазақстан азаматтығынан айырылуға негіз болатынын еске салды.

    Астана әуежайында Германия мен Қазақстан азаматтығы бар бір отбасының бес адамы ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.