21 жастағы Нұрай Серікбайдың өлімі: адвокат іс қандай бап бойынша қаралатынын айтты
Опубликовано:
Зардап шеккен тараптың адвокаты Сержан Нұрпейісов Threads әлеуметтік желісінде Шымкентте кісі қолынан қаза тапқан Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс бойынша мәлімдеме жасады. Ол күдіктіге тағылып отырған айып қандай бап бойынша қаралатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Нұрай ісі Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 2-бөлімі 5) тармағы, яғни аса қатыгездікпен кісі өлтіру" бойынша жіктеледі", - деді адвокат.
Нұрпейісовтің сөзінше, бұл зардап шеккен тараптың өкілі Аянхан Омаровпен бірге жасалған жұмыстың нәтижесі.
"Іс бойынша тергеу толыққанды және жан-жақты қаралады деп сенеміз", - деді ол.
Айта кету керек, аталған бап 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.
Еске сала кетейік, 11 қаңтарда кешке Шымкенттегі көпқабатты тұрғын үйдің маңынан жас қыздың мәйіті табылған еді. Марқұмның денесінде пышақ жарақаттары болған.
13 қаңтарда күдіктінің Шымкент маңынынан ұсталғаны белгілі болды.
Сонымен қатар полиция оның сот санкциясымен қамауға алғанын мәлім етті.
Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов президенттің тапсырмасына сәйкес, ішкі қызметтік тексеру жүргізіліп, Шымкент полиция департаментінің бастығына тәртіптік шара қолданылғанын айтқан.
Айта кету керек, Нұрайдың өлімінен соң Шымкент қаласы ПД бастығы Нұрлан Алмасбеков, оның бірінші орынбасары және бірқатар қызметкер 21 жастағы Нұрай Серікбайдің өлімінен соң жұмысынан қуылды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2339790-21-zhastagy-nurai-serikbaidyng-olimi-advokat-is-qandai-bap-boiynsha-qaralatynyn-aitty/