Келінін зорлаған Ақтөбе тұрғыны 8 жылға сотталды
Опубликовано:
Ақтөбеде келінін зорлады деп айыпталған Ақтөбе тұрғыны сотталды. Ер адам 8 жылға бас бостандығынан айырылған. Бұл туралы "Астана" телеарнасы хабарлайды.
Телеарнаның мәліметіне сай, оқиға ер адамның ұлы үйде жоқ кезде болған. Зардап шеккен келіншек - 22 жаста. Айыпталушы мас күйде болғаны анықталған. Жәбірленуші құқық қорғау органдарына арызданған.
Сот барысында айыпталушы кінәсін мойындамағанымен, жиналған дәлелдер оның қылмысқа қатысын растады. Алға аудандық сотының үкімімен ер адам 8 жылға сотталды. Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.
"Сот үкімімен сотталушы ҚК 120-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып оған 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ", - дейді облыстың соттың баспасөз хатшысы Жансая Тайырова.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2340153-kelinin-zorlagan-aqtobe-turgyny-8-zhylga-sottaldy/