jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Алматыда мүлікке қойылған тыйымды ақпараттық жүйеден заңсыз алып тастаған бір топ адам сотталды

    сотталушы
    Қолына кісен салынған адам. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Алматыда мемлекет пайдасына тәркілеуге жататын мүлікті иемдену мақсатында "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры" ақпараттық жүйесіне жалған мәліметтер енгізген адамдар тобына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі Коспаевтың басшылығымен әрекет еткен ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты тергеуді аяқтаған.

    Аталған топқа "AV-Construction" ЖШС, "Стекольный завод" ЖШС, "Шалқар 17" ЖШС, "Бахар-А" ЖШС және басқа да кәсіпорындарды рейдерлік жолмен басып алу фактілері бойынша айып тағылған. Соттың шешімімен тәркілеу мақсатында Алматы қаласындағы "Никольский" базары аумағында орналасқан "Nikolsky Investment" ЖШС-не тиесілі жер телімі мен мүлкіне тыйым салынған.

    Алайда, ҚМА мәліметінше, 2025 жылдың қыркүйегінде Аслан Пухаев, Антон Соловьёв пен Жақсылық Сәрсенбаев "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының ақпараттық жүйесіне жалған мәліметтер енгізу арқылы аталған тыйымды заңсыз алып тастаған.

    Кейіннен жалпы құны 2,2 млрд теңге болатын мүлік пен жер телімін әрі қарай сату мақсатында жалған тұлғалардың атына қайта рәсімделген. Сот кінәлілерге 6 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

    Үкім заңды күшіне енді. Мүлік мемлекет меншігіне қайтарылды.

    Алматыда мүлікке қойылған тыйымды ақпараттық жүйеден заңсыз алып тастаған бір топ адам сотталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.