"Үйде босанған": Семейде қоқыс контейнерінен сүлгіге оралған нәрестенің денесі табылды
Опубликовано:
Читать на русском
3 ақпанда Әуезов полиция бөліміне Семейдегі қоқыс контейнерінен сүлгіге оралған нәрестенің денесі табылғаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Абай облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Оқиға орнына дереу жедел тергеу тобы барды.
"Алдын ала тексеру барысында үйде босанған 20 жастағы әйел анықталды. Оның айтуынша, нәресте өлі туған", - деп хабарлады Абай облысы ПД баспасөз қызметі.
Департамент мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу барысында нәрестенің денесін контейнерге тастап кеткен қала тұрғынының кім екені анықталған.
Бұл жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Нәрестенің денесі сараптамаға жіберілді, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданып, екі тараптың да әрекетіне құқықтық баға беріледі.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2340340-uide-bosangan-semeide-qoqys-konteinerinen-sulgige-oralgan-narestening-denesi-tabyldy/