Алматыда Asar Baspana қаржылық пирамидасына қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды
Опубликовано:
Алматыда Asar Baspana қаржы пирамидасы қызметінің фактісі бойынша тергеп-тексеру аяқталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қалалық прокуратураның үйлестіруімен Экономикалық тергеп-тексеру департаменті көп деңгейлі қаржы пирамидасына қатысты істі тергеп-тексеріп, сотқа жолдады.
Прокуратура мәліметінше, пирамида 2023 жылдан 2025 жылға дейін Қазақстанның барлық аумағында тұтыну кооперативі ретінде әрекет еткен.
Қаржылық пирамида қызметіне 90 мыңнан астам азамат тартылған және олар 25 млрд теңгеден астам қаржы салған.
Бұл ретте ақша көбінесе жеке кәсіпкерлердің бақылаудағы шоттары арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылған. Прокуратура дерегінше, ұйымдастырушылар ақшаны жеке мақсаттарына пайдаланған, ал қаражатты қылмыс іздерін жасыру мақсатында әдейі есепке алмаған.
Қылмыстық іс сотқа жолданды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2340465-almatyda-asar-baspana-qarzhylyq-piramidasyna-qatysty-qylmystyq-is-sotqa-zholdandy/