jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Шымкентте кәсіпкерден 20 млн теңге бопсалады деген күдікті ұсталды

    Күдіктіні ұстау операциясы
    Күдіктіні ұстау операциясы. Видеодан кадр: t.me/POLICE_of_KZ

    Шымкентте кәсіпкерден 20 миллион теңге бопсалады деген күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ІІМ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның Telegram-дағы арнасында жарияланған мәлімет бойынша, полиция жергілікті кәсіпкерден ірі көлемде ақша бопсалау фактісінің жолын кескен.

    "Тергеу барысында күдіктінің қоғамдық тамақтану орнына бірнеше рет келіп, нысанды бейнежазбаға түсіріп, кейін иесіне қысым көрсеткені белгілі болды.

    Күдікті түрлі уәкілетті органдар тарапынан "тексеру ұйымдастырып", бизнесін жаптырамын деп қорқытқан. Осылайша, күдікті кәсіпкерден 20 миллион теңге талап еткен", - делінген хабарламада.

    Жедел іс-шаралар барысында күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Бопсалау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

    "Полиция ескертеді: ешбір тұлға тексеру жүргіземін деп немесе ақпарат таратамын деп қорқытып, ақша талап етуге құқылы емес. Мұндай жағдайға тап болсаңыз, дереу полицияға жүгіну қажет", - делінген хабарламада.

    Шымкентте кәсіпкерден 20 млн теңге бопсалады деген күдікті ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.