jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Анасы балаларын бесінші қабаттан лақтырып жіберді": Таразда оқыс жағдай тіркелді

    Терезе
    Терезе. Көрнекі фото: pixabay.com

    Желіде "Тараз тұрғыны балаларын бесінші қабаттың терезесінен лақтырып жібергені" туралы ақпарат пайда болды. Қуанышқа орай, екі бала да аман қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Жамбыл облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    Екі кәмелетке толмаған бала ауруханаға жеткізілді.

    Қазіргі уақытта бірқатар қажетті тергеу шаралары жүргізілуде.

    Жан-жақты және объективті тергеп-тексеру қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес процессуалдық шешім қабылданады.

    Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 2021 және 2023 жылдары туған балалар жабық бас жарақаты және жедел ми ісінуі диагнозымен ауруханаға түскен.

    2021 жылы туған балаға қосымша диагноз қойылды, баланың жамбас сүйегі сынған.

    Екі балаға да мидың компьютерлік томографиясы, кеуде қуысының компьютерлік томографиясы, жамбас сүйектерінің компьютерлік томографиясы және лапароцентез жасалды.

    Ісікке қарсы терапия тағайындалып, жүргізілді. 2021 жылы туған балаға жамбас сүйегіне операция жасау жоспарланған.

    "Анасы балаларын бесінші қабаттан лақтырып жіберді": Таразда оқыс жағдай тіркелді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.