jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    TikTok-та қаралым үшін некеге тұруға мәжбүрлеу туралы жалған видео жариялаған әйел жазаланды

    TikTok желісі
    TikTok желісі. Көрнекі фото: Jakub Porzycki/NurPhoto via Getty Images

    Алматы облысының Қарасай ауданында TikTok желісіне өзін алып қашып кетіп, некеге тұруға мәжбүрлегені туралы видео жариялаған бойжеткен айыппұл арқалады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Алматы облысының Қарасай ауданаралық сотында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 456-2-бабының 3-бөлігі бойынша К. есімді әйелге қатысты әкімшілік іс қаралды.

    Сот мәліметінше, ол 2026 жылдың 15 қаңтарында TikTok желісінде ұрлап кету фактісі болғаны жөнінде бейнежазба жариялаған.

    "Аталған бейнежазба әлеуметтік желіде таралып, қызды мәжбүрлеп некеге тұрғызу белгілері бар бейнематериал ретінде ұсынылған. Сот отырысында К. өз кінәсін толық мойындап, бейнежазбаны көп қаралым жинау мақсатында салғанын, жасаған әрекетіне өкінетінін түсіндірді", - делінген сот хабарламасында.

    Сот қаулысымен ол Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 456-2-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 20 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

    TikTok-та қаралым үшін некеге тұруға мәжбүрлеу туралы жалған видео жариялаған әйел жазаланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.