jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Кеуде тұсынан соққы жасаған": Ұлытау облысында әйел жұбайын өлтіргені үшін сотталды

    пышақ
    Полиция қызметкерінің қолындағы пышақ. Көрнекі фото: David Young/picture alliance via Getty Images

    Ұлытауда азаматтық некедегі күйеуін өлтірді деп айыпталған әйел тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Ұлытау облысында И.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Оған Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі – адам өлтіру бойынша айып тағылған.

    Сотта И. 2025 жылдың тамызында алкогольдік мас күйдегі жұбайымен өзара жанжал барысында ас үй пышағымен оның кеуде тұсына бір рет соққы жасағаны анықталған. Алған жарақаты салдарынан ер адам оқиға орнында көз жұмған.

    Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, сотталушының кінәсі жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен, сараптама қорытындыларымен және істегі өзге де заттай дәлелдемелермен дәлелденді.

    Прокурор сотталушыға 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

    Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінішін білдірді, жәбірленушіден кешірім сұрап, жазаны жеңілдетуді сұрады.

    Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі бойынша көзделген қылмыстық құқық бұзушылық аса ауыр қылмыстар санатына жатады және ондай қылмыс жасағаны үшін 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

    Бұл жағдайда әйелдің кінәні мойындауы және шын жүректен өкінуі жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде танылды.

    Істің мән-жайын ескере отырып, сот үкімімен И.-ға 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

    "Кеуде тұсынан соққы жасаған": Ұлытау облысында әйел жұбайын өлтіргені үшін сотталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.