jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қырғызстанда Қазақстан азаматы ұсталды: ол 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

    Қырғызстанда ұсталған қазақстандық
    Қырғызстанда ұсталған қазақстандық. Видеодан кадр: instagram.com/gknb.official

    Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері Қазақстан азаматының ұсталғанын мәлімеді. Ол елге есірткіні заңсыз әкелуге тырысты деген күдікке ілінген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Хабарламада Қазақстан азаматының Қырғызстанға есірткі алып өтпек болғаны үшін қамауға алынғаны айтылған. Ол көрші елге синтетикалық есірткі жеткізгісі келді деп айыпталуда.

    "Жалпы массасы 5 кг болатын "Альфа ПВП" синтетикалық есірткі заты бар Қазақстан азаматы ұсталды. Ол тергеу изоляторына қамалды, есірткі арнасын ұйымдастырушыларын анықтау бойынша қосымша тергеу шаралары жүргізілуде", - делінген хабарламада.

    Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және олардың аналогтарын заңсыз дайындау, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту және өндіру мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеп соғатынын атап өтті.

    Қырғызстанда Қазақстан азаматы ұсталды: ол 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.