jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Maybach S500 және Lamborghini": халықаралық іздеуде жүрген күдіктілердің құны 420 млн теңге болатын мүлкі тәркіленді

    Lamborghini
    Lamborghini көлігі. Көрнекі фото: Sjoerd van der Wal/Getty Images

    Алматы облысында Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті заңсыз интернет-казино ұйымдастырды деген қылмыстық топқа қатысты тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Ведомство мәліметінше, 1Win интернет-платформасы 11 мыңнан астам онлайн ойынға, сондай-ақ спорттық және киберспорттық оқиғаларға бәс тігуге мүмкіндік берген.

    Бәс қабылдау және ұтыстарды төлеу банк карталары, электронды төлем жүйелері және криптовалюта арқылы жүзеге асырылған.

    Күдіктілерге халықаралық іздеу жарияланып, оларға қатысты сырттай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

    "Қылмыстық жолмен алынған күдіктілердің мүлкін мемлекет пайдасына алу үшін сотқа дейінгі тәркілеу шаралары қолданылған. Оның ішінде Mercedes Maybach S500, Lamborghini Huracan, Toyota Land Cruiser автокөліктері, сондай-ақ банк шоттарындағы 151 млн теңге, 14 600 АҚШ доллары және 44 400 еуро бар", - делінген хабарламада.

    Сот қаулысымен жалпы құны 420 млн теңгеден асатын мүлік тәркіленді.

    "Maybach S500 және Lamborghini": халықаралық іздеуде жүрген күдіктілердің құны 420 млн теңге болатын мүлкі тәркіленді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.