jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Түркістан облысының тұрғыны көшеде оқ атты (видео)

    қоршауға алынған көше
    Қоршауға алынған жер. Видеодан кадр: instagram.com/shymkent.bugin

    Желі қолданушылары полицияның көше бөлігін қоршауға алғаны көрсетілген видеоны талқылап жатыр. Онда атыс болғаны айтылады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Instagram-дағы Shymkent.bugin парақшасында көшенің қоршауға алынғаны көрсететілген видео жарияланды.

    Түркістан облыстық полиция департаменті өкілдерінің NUR.KZ тілшісіне хабарлауынша, жедел іздестіру шараларының нәтижесінде полиция күдікті – Сайрам ауданының тұрғынын анықтап, ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Травматикалық қару тәркіленіп, іс материалдарына қосылды.

    "Алдын ала мәлімет бойынша, екеуара туындаған жанжалға байланысты ер адам танысына оқ атты.

    Зардап шеккен адамға медициналық көмек көрсетілді. Оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ, тексеруден кейін үйіне жіберілді.

    Қару қолдану арқылы дауды шешуге бағытталған кез келген әрекет, соның ішінде өлімге әкеп соқпайтынына да қатаң құқықтық баға беріледі", - делінген полиция мәлімдемесінде.

    Полицияның мәліметінше, қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде.

    Тергеу нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

    Түркістан облысының тұрғыны көшеде оқ атты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.