8 жылға бас бостандығынан айырылған университеттің бұрынғы ректоры мерзімінен бұрын босатылды
Опубликовано:
Читать на русском
Сегіз жылға бас бостандығынан айырылған Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің бұрынғы ректоры Дамир Шыныбеков бостандыққа шықты, деп хабарлайды NUR.KZ ҚАЖК-ға сілтеме жасап.
Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті 2020 жылы бөтеннің мүлкін жымқыру және ысырап ету фактісі бойынша кінәлі деп танылып, сегіз жылға бас бостандығынан айырылған Дамир Шыныбековтің босап шыққанын хабарлады.
"Заңда белгіленген тәртіпке сәйкес жеке тұлғаға рақымшылық жасалды, нәтижесінде жаза мерзімі қысқартылды. Қайта есептелген жазаны ескере отырып, сотталған адам сот тағайындаған жазаның мерзімін толық өтеп, заңды негізде босатылды", - деген түсінік берді ҚАЖК өкілдері.
Ведомство өкілдері сотталғандарға қатысты материалдарды қарау, жазаны қайта есептеу және шешім қабылдау соттың құзыретіне жататыны және міндетті түрде орындалуға тиіс екенін атап өткен.
"Заң талаптарына сәйкес, сотталған адамның жеке ісіндегі ақпарат жария етілмейді", - дейді комитеттегілер.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2342702-8-zhylga-bas-bostandygynan-aiyrylgan-universitetting-buryngy-rektory-merziminen-buryn-bosatyldy/