jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Шавкат Рахмоновтың жұбайы түскен жол апатына қатысты іс: сот алдын ала тыңдау өтетін күнді белгіледі

    жол апаты болған жер
    Жол апатына түскен көлік. Фото: instagram.com/jagdaikz

    Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың жұбайы Гүлайым Рахмоноваға қатысты жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық істі сотта алдын ала тыңдау күні белгіленді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Іс Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында қаралады. Алдын ала тыңдау 2026 жылдың 16 ақпанына сағат 15:00-ге белгіленді", - деді Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі өкілі.

    Естеріңізге сала кетейік, Шавкат Рахмоновтың жары түскен жол апатына қатысты іс биыл 30 қаңтарда сотқа жолданды.

    Айта кетейік, 2025 жылғы шілдеде "Шавкат Рахмоновтың жұбайының қатысы бар" делінген жол апаты туралы ақпарат тараған еді. Жол-көлік оқиғасы Жамбыл облысының Мойынқұм ауданындағы тас жолда болған.

    Полиция департаменті өкілдерінің мәліметінше, Toyota Land Cruiser 200 жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, жол талғамайтын көлік аударылған. Апат салдарынан екі адам қаза тауып, тағы екеуі ауруханаға жеткізілген.

    Шавкат Рахмоновтың жұбайы түскен жол апатына қатысты іс: сот алдын ала тыңдау өтетін күнді белгіледі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.