jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Алматы орталығында есінен танып қалған қыздың екі телефонын әлдекімдер ұрлап кетті: күдіктілер анықталды

    қызға көмек көрсетіп жатқан адамдар
    Қызға көмек көрсетіп жатқан адамдар. Видеодан кадр: instagram.com/almatinec_live

    Желіде Алматы орталығында есінен танған қызға көмек көрсету барысында оны тонаған адамдарға қатысты ақпарат тарады. Күдіктілер анықталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

    Instagram желісіндегі almatinec_live парақшасында 7 ақпанда қала орталығындағы Достық, Қабанбай батыр және Зенков көшелерінің қиылысында болған оқиға делінген видео жарияланды.

    Куәгерлердің айтуынша, қыздардың бірі өзін нашар сезініп, есінен танып қалған. Құрбысы оған алғашқы көмек көрсетуге тырысып жатқанда үш ер адам қызға жанашырлық танытқандай кейіпте оларға жақындаған.

    "Екеуі көмек көрсеткісі келгендей кейіп танытты, бірақ қыздың қалтасынан iPhone 15 Pro және iPhone 16 Pro телефондарын суырып алды. Осыдан кейін ер адамдар оқиға орнынан қашып кетті", - делінген жазбада.

    NUR.KZ тілшісі түсініктеме сұрап Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметіне хабарласты. Ұрлыққа қатысты қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды.

    "Тергеу-іздестіру шаралары барысында осы қылмысқа қатысы болуы мүмкін деген адамдардың кім екені анықталды. Қазіргі уақытта оларды ұстау шаралары қабылдануда, сондай-ақ оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған бірқатар тергеу іс-шарасы жүргізілуде.

    Нәтижесі бойынша заң талаптарына сәйкес процессуалдық шешім қабылданады", - деп атап өтті қалалық полиция департаменті өкілдері.

    Полиция азаматтарды, әсіресе адамдар көп жиналатын жерлерде жеке қауіпсіздік пен сақтық шараларын сақтауға шақырады.

    Алматы орталығында есінен танып қалған қыздың екі телефонын әлдекімдер ұрлап кетті: күдіктілер анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.