Астанада құрылыс компаниясының басшысы сотталды
Опубликовано:
Астанада құрылыс компаниясының басшысына проблемалық тұрғын үй кешенін аяқтауға мемлекеттен бөлінген қаражатты жымқырды деген айып тағылды. Ол сот үкімімен кінәлі деп танылып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық прокуратураға сілтеме жасап.
Астана қалалық прокуратурасы істің мән-жайын мәлім етті. Ведомство мәліметінше, елордада құрылыс компаниясы проблемалық тұрғын үй кешенін аяқтауға бөлінген бюджет қаражатынан 2,1 млрд теңге жымқырғаны анықталды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында мемлекетке 412 млн теңге қайтарылды.
"Сот үкімімен кінәлі тұлға аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін көппәтерлі тұрғын үйлер құрылысына байланысты коммерциялық ұйымдарда 10 жыл мерзімге басшылық лауазымдарды атқару құқығынан және 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - делінген хабарламада.
Материалдық залал өндірілді. Үкім заңды күшіне енді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2343285-astanada-qurylys-kompaniiasynyng-basshysy-sottaldy/