Қостанай облысы әкімінің орынбасары ұсталғаны туралы ақпарат расталды
Опубликовано:
Читать на русском
Қостанай облысы әкімінің орынбасары Гүлбарам Мұсағазина ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Kazinform.
ҰҚК баспасөз қызметі Қостанай облысы әкімінің орынбасары Гүлбарам Мұсағазинаның ұсталғанын растады.
ҰҚК мәліметінше, Қостанай облысы әкімінің орынбасары Гүлбарам Мұсағазинаға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Агенттіктің хабарлауынша, бұған дейін бұл ақпарат бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған. Кей деректерде оның қамауға алынғаны айтылған. Ашық дереккөздерде облыс әкімі орынбасарының аты өңірдегі денсаулық сақтау саласындағы резонансты қылмыстық іспен байланыстырылған.
Атап айтқанда Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Данияр Жандаев, оның орынбасары Ерболат Доспанов және Қарасу аудандық ауруханасының бас дәрігері Владимир Голубевке қатысты қамау шарасы қолданылғаны хабарланған еді.
Оларға медициналық ұйымдар үшін жабдықтарды мемлекеттік сатып алу барысында сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне қатысы бар деген күдікпен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
онымен қатар Сот кабинеті порталында істің Қостанай қаласының тергеу сотына түскені туралы ақпарат пайда болған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2343568-qostanai-oblysy-akimining-orynbasary-ustalgany-rastaldy/