"Екі жыл бұрын көз жұмған": Павлодар облысында жеке үйлерден екі адамның денесі табылды
Опубликовано:
Павлодар облысының Майқайың ауылындағы жеке үйлерден екі адамның денесі табылды. Олар ұзақ уақыт жатып қалған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Жантүршігерлік оқиға туралы жазба Telegram желісіндегі Kerek.pv арнасында жарияланды.
"Майқайыңдағы жантүршігерлік жағдай туралы хабарламаны тексеріп жатырмыз. Қазіргі уақытта адамдар (болжам бойынша сектанттар) тұрып жатқан үйлерден екі адамның денесі табылды. Біреуі шамамен екі жыл бұрын қайтыс болған. Екіншісі шамамен қыркүйекте көз жұмған", - делінген хабарламада.
Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің NUR.KZ тілшісіне хабарлауынша, қылмыстық іс қозғалды.
"Қазір оқиғаның барлық мән-жайын объективті түрде тергеп-тексеру үшін барлық қажетті тергеу амалы жүргізілуде. Қылмыстық іс қозғалды", - деді ПД баспасөз қызметі өкілі.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2343573-eki-zhyl-buryn-koz-zhumgan-pavlodar-oblysynda-zheke-uilerden-eki-adamnyng-denesi-tabyldy/