jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Шымкентте 2,7 млрд теңгеге салынған өзен жағалауындағы бетон бөгетті белгісіз біреулер бүлдіріп кеткен

    қазу жұмыстары
    Арнайы техника. Көрнекі фото: pixabay.com

    Шымкентте Бадам өзені жағалауында 2,7 млрд теңгеге салынған бетон бөгетті белгісіз біреулер бұзып кеткен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына сілтеме жасап.

    Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының мәліметінше, қазір жағдай тұрақты және бақылауда. Маңайда тасқын қаупі жоқ.

    Былтыр тасқын қаупін азайту мақсатында өзен жағалауын нығайту жұмысы жүргізілген. Жалпы ұзындығы 5,3 шақырым жағалау бекітіліп, желтоқсан айында жұмыс толық аяқталды. Аталған жобаға 2,7 млрд теңге қаражат бөлінді.

    Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының мәліметінше, Игілік, Жаңаталап және Көкбұлақ елді мекендері тұсында өзен арнасы реттеліп, жағалауы бетондалған. Бұл шаралар елді мекендерді су басу қаупінен қорғауға бағытталған.

    "Белгісіз тұлғалардың өзен арнасынан заңсыз тас қазып алуы салдарынан гидротехникалық құрылыс нысанына зиян келтірілген. Нәтижесінде бетон бөгеттің шамамен 40 метрі бүлінген. Қазіргі таңда құқық қорғау органдары кінәлілерді анықтау жұмысын жүргізіп жатыр. Мамандардың хабарлауынша, зақымданған аумақ мердігер мекеменің есебінен қалпына келтіріледі. Айта кету қажет, жобаның кепілдік мерзімі – 7 жыл. Жалпы жағдай тұрақты, өзен арнасы тұрақты бақылауда, тиісті қызметтер тәулік бойы мониторинг жүргізіп жатыр", - делінген басқарма мәліметінде.

    Шымкентте 2,7 млрд теңгеге салынған өзен жағалауындағы бетон бөгетті белгісіз біреулер бүлдіріп кеткен

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.