ҰҚК Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпаратқа қатысты жауап берді
Опубликовано:
Читать на русском
ҰҚК әлеуметтік желіде ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпаратқа қатысты жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ресми сауалға ведомство сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
"Басқа ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етілмейді", - деп жауап берді ведомстводан.
ҰҚК шенеунікке қатысты тергеу қай бап бойынша жүргізіліп жатқанын ашып айтпады.
Естеріңізге сала кетейік, бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тарады.
Өңір әкімдігі аталған тұлғаға қатысты қандай да бір ақпарат жоқ екенін, қолда бар деректерге сәйкес, мемлекеттік қызметші денсаулық жағдайына байланысты еңбек демалысын алғанын мәлімдеген еді.
Жақсылық Омар ШҚО әкімінің бірінші орынбасары болып 2025 жылғы сәуірде тағайындалған болатын. Сондай-ақ ол алты жылдан астам уақыт Өскемен қаласының әкімі болды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2344857-uqk-zhaqsylyq-omardyng-ustalgany-turaly-aqparatqa-qatysty-zhauap-berdi/