jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімде болған оқиға: төрт лауазымды тұлға қызметінен босатылды

    әскери қызметші
    Әскери қызметші. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімде болған оқиғадан кейін әскери бөлім командирі мен тағы үш офицер қызметінен босатылды, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның мәліметінше, Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді қызмет сарбазына дене жарақатын келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

    Бұдан бөлек, лауазымды адамдардың әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, қызметтік тексеру жүргізілген.

    Нақты айтқанда кадрлық шешім қабылданып, басшылық құрамындағы төрт лауазымды тұлға – әскери бөлім командирі, оның тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары, батальон командирі және рота командирі қызметінен босатылған.

    Әскери бөлім командирінің орынбасары – штаб бастығына, батальон командирінің орынбасарына және оның тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарына қызметтік әрекетке сәйкес емес деп ескерту жарияланған. Бірқатар офицер мен сержантқа қатаң тәртіптік жаза қолданылған.

    "Қабылданған шаралар атқарып отырған лауазымына қарамастан, дербес және бұлтартпас жауапкершілік қағидатын көрсетеді. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес барлық мән-жайға түпкілікті қорытынды мен құқықтық баға тергеу нәтижелері бойынша беріледі", - делінген хабарламада.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызметтегі сарбаздың ауыр жарақат алғанын жазған едік.

    Кейінірек жағы сынған сарбаздың жағдайы белгілі болды.

    Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімде болған оқиға: төрт лауазымды тұлға қызметінен босатылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.