jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Алматы облысында әйелді иттер талап тастай жаздады (видео)

    оқиға
    Оқиға орнында түсірілген видеодан кадр: instagram/kaskelenkz

    Алматы облысының Қарасай ауданында 10 шақты ит әйелге шауып, қауып алды. Полиция иттердің иесін анықтағанын хабарлады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Оқиға туралы Instagram желісіндегі kaskelenkz парақшасынан белгілі болды. Желіде жарияланған кадрда жерде жатқан әйелді иттер қаумалап тістелеп жатқаны көрінеді. Келесі кадрларда үсті-басы қан-жоса болған әйел полиция қызметкерлеріне болған оқиғаны айтып беріп отырғаны көрсетілген.

    "Оқиға 19-шақырымдағы тұрғын үй алаптарының бірінде болған деген ақпарат келді. 10-нан астам ит жабылып әйелді талапты-мыс. Хабарлама чаттарда тарап жатыр", - делінген жазбада.

    Жазбаға Алматы облысы полиция департаментінің өкілдері пікір қалдырған. Олардың мәліметінше, 52 жастағы әйелге ит шабуына қатысты қылмыстық іс қозғалған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

    Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен жергілікті билік өкілдері жұмыс істеп жатыр. Зардап шегушіге медициналық көмек көрсетілді.

    "Оқиғаның мән-жайы анықталып, процессуалдық тексеріс жүргізілуде. Тергеп-тексеру барысында иттердің иесі – 60 жастағы күдікті анықталды. Ол сондай-ақ белгіленген тәртіпке сәйкес қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылады", - делінген полиция департаментінің мәлімдемесінде.

    Ескерту! Бейнежазбада зорлық-зомбылық көріністері бар, сондықтан кәмелетке толмағандарға, сезімтал адамдарға және жүкті әйелдерге көруге кеңес бермейміз.

    Алматы облысында әйелді иттер талап тастай жаздады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.