jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    БҚО-да шенеунікке зорлық фактісі бойынша айып тағылды: полиция істі тергеу барысы туралы айтты

    полиция қызметкері
    Полиция қызметкері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    БҚО-да ер адам кәмелетке толмаған қызын "ауданның жоғары лауазымды шенеунігі зорлады" деп айыптады. Полиция департаментіндегілер істі тергеу барысы туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    БҚО полиция департаменті 2 қаңтарда полицияға 16 жастағы қызға қатысты құқыққа қайшы әрекеттер туралы хабарлама түскенін растады. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.

    "Тергеп-тексеру барысында объективті тергеуде маңызды саналатын телефон хабарламалары және басқа да фактілер анықталды.

    Тергеу кәмелетке толмаған қызға қатысты зорлық-зомбылық фактісін анықтаған жоқ.

    Сондай-ақ мұны жәбірленушінің өзі мен анасы да растады, олар күдіктіге қатысты кез келген талаптан бас тартып, қарым-қатынастың екіжақты сипатта екенін алға тартады", - деп түсіндірді департаменттің баспасөз қызметі өкілдері.

    БҚО полиция департаментінің мәліметінше, күдікті аудан әкімдігінде бөлім қызметкері болған, шағым түскеннен кейін жұмыстан шығарылған.

    Аудандық полиция бөлімі тергеу іс-шараларын жүргізуде, өзге ақпарат Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.

    Іс полиция департаменті басшылығының бақылауында.

    БҚО-да шенеунікке зорлық фактісі бойынша айып тағылды: полиция істі тергеу барысы туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.