Бес жылда 185 млн теңге табыс тапқан Теміртау тұрғыны бас бостандығынан айырылды
Опубликовано:
Теміртауда 2021 жылдан бастап жасырын криптофирма ашып алған адам сотталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚМА мәліметінше, Теміртау қаласында цифрлық активтерді заңсыз өндіру дерегі бойынша Қарағанды облысының тұрғынына қатысты сот үкімі шықты. Тергеу жұмыстарын ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті жүргізді.
Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Э. Толовов 2021 жылғы тамыздан бастап тиісті лицензиясыз жасырын криптоферма ұйымдастырған.
Ол схеманы жүзеге асыру үшін Ресейден 156 майнинг жабдығын сатып алып, оны өз өндірістік базасына орналастырған.
Толовов өндірген цифрлық активтерін криптобиржадағы аккаунтында жинап, кейін оларды майнинг пулдары арқылы сатқан. Сауда P2P-аударымдар арқылы, АҚШ долларын теңгеге айырбастау арқылы жүзеге асқан.
Жалпы өндірілген активтердің көлемі 11,2 BTC және 90,2 LTC, бұл шамамен 185 млн теңгеге тең.
Сот үкімі бойынша оған бір жылға бас бостандығынан айыру және барлық майнинг жабдығын конфискациялау түрінде жаза тағайындалды.
Сонымен қатар мемлекет кірісіне қылмыстық жолмен алынған 185 млн теңге қайтарылды.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2352861-bes-zhylda-185-mln-tengge-tabys-tapqan-temirtau-turgyny-bas-bostandygynan-aiyryldy/