jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Атырау мектептерінің бірінде оқушы қыз қайшы жарақатын алды: қылмыстық іс қозғалды

Мектеп
Мектеп. Иллюстрациялық фото: Uwe Anspach/Picture alliance/Getty Images

Бүгін, 13 наурызда Атыраудағы мектептердің бірінде оқушы қыз жарақат алды. Әлеуметтік желілерде оны қайшымен жарақаттағаны туралы ақпарат тараған. Аталған жайтқа қатысты полиция пікір білдірді, деп жазады "Ақ Жайық" басылымы.

Полиция баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадасы келді.

Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен оқушыға дер кезінде медициналық көмек көрсетілгенін хабарлады. Алғашқы тексеруден және шұғыл көмек көрсетілгеннен кейін ол әрі қарай бақылау және ем алу үшін облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Пациенттің жағдайы орташа ауырлықта, тұрақты деп бағаланып отыр. Ол дәрігерлердің тұрақты бақылауында және қажетті медициналық көмекті толық көлемде алып жатыр.

Күдікті ұсталып, ата-анасымен бірге полиция бөліміне жеткізілді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері қажетті тергеу амалдарын жүргізіп, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Сонымен қатар жасөспірімнің ата-анасы бала тәрбиесіне тиісінше көңіл бөлмегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.

Атырау мектептерінің бірінде оқушы қыз қайшы жарақатын алды: қылмыстық іс қозғалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.