jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Анасы Ертіске батырған": Семейде бір жарым жасар қыздың туыстары тоғыз жыл бұрынғы істі қайта көтерді

    Тоғыз жыл бұрын жоғалған Аиша
    Тоғыз жыл бұрын жоғалған Аиша. Скриншот: ktk.tv

    Тоғыз жыл бұрын Семейде 1,5 жасар қызды суға батырғаны туралы ақпарат тараған. Бүлдіршіннің анасы күйеуімен ұрысып қалып, артынша бүлдіршінді Ертіске тастап жіберген-мыс. Алайда баланың денесі табылмаған. Десе де туыстары бала тірі деп есептейді. Олар істі қайта көтеруді сұрап отыр, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

    Тоғыз жыл бұрын Семейде сұмдық оқиға болған. 24 жастағы әйел туған қызын Ертіске батырып өлтіргенін айтқан болатын. Одан кейін өзі де суға кетпекші болғанын, алайда бұл ойынан айнып қалғанын мәлімдеген. Баланың әкесі сол түні расымен де әйелімен жанжал болғанын растады. Оқиға туралы естіген ол Ертіске тура ұмтылып, өзі де суға кете жаздаған болатын. Қылмыстық іс қозғалып, күдікті тергеуге алынған. Бірақ ақыр соңында баланы полиция да, құтқарушылар да таппаған. Мұндай қайғыны көтере алмай, әкесі де көз жұмыпты. Ешкім жауапқа тартылмаған. Жуырда бүлдіршіннің туыстары полицияға қайта жүгініп, іс материалдарымен танысқан. Құқық қорғау органдары әзірге толық ақпарат бермеді. Олар тоғыз жыл бұрынғы оқиғаны қайта зерттеп жатыр.

    "Ол баланы суға батырып жібергенін айтады. Біз бұған сенбейміз. Ол, бәлкім, баланы біреуге сатып жіберген болуы мүмкін. Іс архивте екен, тоғыз жыл өтті ғой. Ағамның өмірден өткеніне де бес жыл болды. Біздің Айшаны тауып, көмек бергенін қалаймыз", - дейді әпкесі Зарина Серікбосынова.

    Дереккөз: КТК телеарнасы

    "Анасы Ертіске батырған": Семейде бір жарым жасар қыздың туыстары тоғыз жыл бұрынғы істі қайта көтерді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.