Қаскелеңдегі қоғамдық моншада 13 жастағы бала соққыға жығылды
Опубликовано:
Қаскелең тұрғыны оның 13 жастағы баласын монша қызметкері соққыға жыққанын мәлімдеді. Оқиғаға қатысты Алматы облысы ПД пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Threads әлеуметтік желісінде ер адам жасөспірімге соққы жасағанын көруге болады.
Ұл баланың анасы оқиға 9 наурызда, сағат 20:30-да 13 жастағы ұлын Қаскелеңдегі қоғамдық моншаның қызметкері ұрғанын айтты.
"Ұлым досымен бірге екі адамға сэндвич сатып алмақ болған кезде, қызметкер өзіне және төрт әріптесіне төрт сэндвич сатып беруді талап еткен. Оның бұл сөзіне балам: "Тағы не істейін?", - деп күлген кезде, ол агрессивті түрде: "Не, сонша мықтысың ба?" дегендей сөздер айтып, ұрған", - дейді әйел.
Оның сөзінше, учаскелік инспектор ер адамның әрекеттерін ӘҚБК 434-бабы 1-бөлігі бойынша жіктеген. Бірақ әйел мұнымен келіспейді. Әйелдің сөзінше, іс ҚР ҚК 293-бабы (Бұзақылық) бойынша қозғалуы керек.
Алматы облысы ПД NUR.KZ тілшісіне пікір білдіріп, заңға қайшы әрекеттер дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлім етті.
"Видеоға түсіп қалған әрекеттер биыл 9 наурызда Қарасай ауданындағы қоғамдық моншада болған.
Қазіргі таңда оқиғаның жан-жақты, толыққанды және әділ анықтау мақсатында қажетті процессуалдық шаралар атқарылып жатыр. Жағдай ерекше бақылауда.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2353854-qaskelengdegi-qogamdyq-monshada-13-zhastagy-bala-soqqyga-zhygyldy/