jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    АЖ
    Айжан Жолдасбаева
    Бұрынғы қызметкер

    Алматылық экстрасенс Кемероводағы өрттің неден шыққанын болжап берді

    : UGC

    Танымал қазақстандық экстрасенс Виктор Александровский Кемеровода болған қайғылы оқиғаның себептерін болжап берді деп хабарлайды NUR.KZ.

    Фото: Facebook
    Фото: Facebook: UGC

    Картамен бал ашқан экстрасенс видеосы Facebook желісінде тарап, қызу талқыға түскен. Онда Александровский қаза болғандардың жақындарына көңіл айтып, өзіне өрттің себебін сұрап, хат жолдайтындардың көп екенін айтқан.

    Сәуегейлік барысында экстрасенс "адам қолымен тұтатылған" өрттің жанғыш затты дұрыс қолданбаудан да болуы мүмкін дегенді айтады. Содай-ақ оның шығуына себеп болғандардың ғимарат ішінде бір мерекені тойлағанын да атап өтті.

    От алаулап жанбас бұрын, оны бір рет сөндірген сияқты деген сәуегей оның дұрыс сөнбей қалғанын немесе тексерген адамның аса мән беріп қарамағанын айтады.

    "Адамдарды құтқаруы керек болған қызметкерлер өз жанын сауғалап кеткен. Өкінішке орай, өртке кінәлілер жазаланбай қалады. Себебі мен жауапкершіліктен қашып кеткендерді байқап отырмын", - дейді ол.

    Виктор Александровский өрттің жоғарыдан шыққанын айтуда. Оның шығуына себеп болғандар ішімдік ішіп, темекі тартып отырған болуы мүмкін. Соның аз ғана шоғынан осындай қызыл жалын тұтанып кеткен.

    Алматылық экстрасенс Кемероводағы өрттің неден шыққанын болжап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.