Алматыда жөндеуден өткен жаңа жерасты өткелін су басып қалды (видео)
Опубликовано:
Алматыда күрделі жөндеуден өткен жерасты жолына түнгі жауыннан кейін су толып қалды деп хабарлайды NUR.KZ.
Су басқан жерасты өткелінің видеосы Instagram желісіндегі kris_p_almaty парақшасында жарияланған.
Кадрда баспалдақтың төменгі жағына су жиналғаны көрінеді. Адамдар жолға төселген тастардың үстінен басып өтіп жатыр.
Желі қолданушылары бұл жағдайға өз наразылықтарын білдіріп, жағымсыз пікірлерін жаудырған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/1757850-almatyda-zndeuden-tken-zaa-zerasty-tkelin-su-basyp-kaldy-video/