jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    АЖ
    Айжан Жолдасбаева
    Бұрынғы қызметкер

    Ақтөбедегі мектептің төбесі оқушылардың үстіне опырылып түсті (фото)

    : Getty Images

    30 қараша күні күндізгі сағат екінің шамасында Ақтөбедегі мектептердің бірінде ғимараттың төбесі опырылып түскен. Онда тоғыз оқушы түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді деп хабарлайды Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз бөліміне сілтеме жасаған NUR.KZ.

    Оқиға орнынан сурет
    Оқиға орнынан сурет: Instagram

    Ведомство өкілдері таратқан мәліметке сәйкес, оқыс оқиға Ақтөбедегі №40 мектептің акт залында орын алған. Екінші қабаттағы 10 шаршы метр залдың гипс-қатырма төбесі құлап кетіпті.

    Оқиға орнында болған оқушылардың тоғызы түрлі жарақаттар алып, ауруханаға жеткізілді. 9-сыныпта оқитын қыз ем-дом қабылдау үшін стационарға жатқызылған. Ал қалған сегіз баланы дәрігерлер тексеруден кейін үйіне жіберіпті.

    Ақтөбедегі мектептің төбесі оқушылардың үстіне опырылып түсті (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.