jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Шахтинск полицейлері өртеніп жатқан үйден екі балақай мен анасын құтқарып қалды

    : Facebook

    Шахтинск қаласының жол-патрульдік полициясының инспекторлары отқа оранған пәтерден екі кішкентай бала мен анасын құтқарып қалды. Бұл туралы NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    NUR.KZ
    NUR.KZ: Facebook
    "Біз өз ауданымызды торауылдап жүргенбіз. Кенет көп қабатты тұрғын үйдің терезесінен шыққан қара түтінді байқадық. Рациядан хабарладық. Әріптестеріміз өрт сөндірушілерді шақырды. Біз уақыт жоғалтпай үйге қарай жүгірдік. Себебі өртеніп жатқан пәтерде адамдар болуы мүмкін еді ғой", -деді полиция лейтенанты Ануар Мұхтар.

    Лейтенант әріптесі сержант Ержас Хасеновпен бірге пәтерлердің есіктерін қағып, адамдарды сыртқа шығарған.

    Өртеніп жатқан пәтерде екі баласы бар әйел адамның тұратыны анықталған.

    Полицейлер есігі ашық тұрған пәтерге кіріп, анасы мен балаларын далаға алып шыққан.

    Өрт электр сымының қысқа тұйықталуы себеп болған. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар өртті сөндірген.

    Шахтинск полицейлері өртеніп жатқан үйден екі балақай мен анасын құтқарып қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.