jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Мал аштан қырылып жатқан өңірде 1,2 мың тонна шөп өртеніп кетті

    Егістік
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өңірдегі шаруа қожалықтарының бірінің аумағында 3 мың орам шөп толығымен жанып кеткенін мәлімдеді деп хабарлайды BAQ.KZ.

    Келеңсіз жағдай 21 шілде күні сағат 20.20-да Жаңақорған ауданының Нәлібаев ауылында орын алған.

    Ведомство мәліметінше, "Бақытжан" шаруа қожалығының аумағында 3 мың орам шөп толығымен жанып кеткен.

    Тілсіз жау сағат 23:30-да ауыздықталып, 00:30-да сөндірілді.

    Өртті сөндіруге Жаңақорған ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің 3 қызметкері және бір техника, Жаңақорған ауданы Орман және жануарлар дүниесін қорғау КММ-нің 18 қызметкері және бір техника, ерікті өрт сөндіру құрылымының 4 қызметкері және бір техника, сондай-ақ 3 бірлік техникасы бар шаруа қожалығының 30 жұмысшысы қатысқан.

    Өңірдің төтенше жағдайлар департаменті қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ екенін жеткізді.

    Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

    Айта кетейік, Маңғыстау облысы мен Қызылорда облысы құрғақшылықтан зардап шегуде, соның салдарынан аталған аймақтарда мал қырылуда. Шілде айының басындағы мәліметтер бойынша, аштықтан 1,5 мыңға жуық мал өлген.

    Мал аштан қырылып жатқан өңірде 1,2 мың тонна шөп өртеніп кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.