jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Ақмола облысында өрттен бір үйдің төрт адамы көз жұмды

    Тәртіп сақшысы
    Оқиға орнынан фото: Ақмола облыстық ТЖД

    5 мамыр күні сағат 03.54-те Ақмола облысы Красный Яр ауылындағы екі қабаттың үйдің біріндегі пәтерден өрт шығып, салдарынан төрт адам қаза тапты. Олардың екеуі бала, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірдің төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

    Оқиға орнына шұғыл түрде Садовое ауылының және Көкшетау қаласының өрт сөндіру қызметінің мамандары келген. Олардың алғашқысы хабар келіп түскен соң үш минуттан соң оқиға орнында болған.

    Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, құтқарушылар келгенше 1964 жылы туған әйел мен оның 2015 жылы туған немересі терезе арқылы өз бетімен пәтерден шығып үлгерген.

    "Өртті сөндіру барысында екі ересек адамның: 1991 жылы туған ер және 1993 жылы туған әйел адамның, сондай-ақ екі баланың денесі табылды", - дейді ведомстводан.

    Өрт ауданы 50 шаршы метр болатын пәтерден шыққан. Алдын ала болжам бойынша өрттің шығуына электр сымдарындағы ақау себеп болуы мүмкін.

    Тілсіз жау 04:50-де ауыздықталған. Өртті сөндіруге 13 қызметкер мен үш техника жұмылдырылған. Қазіргі кезде оқиға орнында өртке қарсы зерттеу зертханасы жұмыс істеуде.

    Сондай-ақ облыстық ТЖД қайғылы оқиғадан бір күн бұрын үйдегі электр сымдарының ауыстырылғанын анықтаған.

    Ведомство әжесі мен немересінің шеткі бөлмеде болғанын, ал ерлі-зайыптылар егіз балаларымен бірге электр сымдарын ауыстыру жұмыстары жүргізілген жерге жақын орында болғанын атап өтті.

    Ақмола облысында өрттен бір үйдің төрт адамы көз жұмды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.