jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    Қарулы күштердің әскери қызметшілері ауыл тұрғындарына көмекке келді

    әскери қызметшілер
    Фото: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

    Өткен демалыс күндері «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы әкімшілігінің өтініші бойынша су тасқынына қарсы шараларды орындауға жұмылдырылды.

    Аталған аймақта күннің күрт жылынуы мен жауған жаңбырдың салдарынан елдімекендер мен шаруашылық қызмет объектілерін су басу қаупі туындады. Су тасқынына қарсы жұмыстарға Луговой гарнизонындағы барлау бөлімшесі және мотоатқыштар батальонынан барлығы 300-ге жуық әскери қызметші жұмылдырылды. Сонымен қоса әскери техника да тартылды.

    әскери қызметшілер
    Фото: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

    «Бірден Құлан ауылының тұрғындарына көмекке кірісіп кеттік. Өйткені, қиын жағдайда халыққа қол ұшын беру – әскери және азаматтық борышымыз», – деп атап өтті Жауынгерлік даярлық жөніндегі барлау бөлімшесі командирінің орынбасары майор Абзал Жәнібеков.

    Арнайы техниканың көмегімен су арнасын басқа жаққа бұруды төтенше жағдайдың алдын алу жөніндегі органдар жүргізеді, ал әскери қызметшілер жиналған судың үйлерді басуына жол бермеу үшін бекіністер салуда.

    әскери қызметшілер
    Фото: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

    «Әскерилердің келіп, көмектесіп жүргеніне ризамыз. Олар екі күн қатарынан бізге қол ұшын беріп, қолдап осында жүр», – деп алғысын білдірді Рысқұлов ауданы Құлан ауылдық округінің өкілі Нұрболат Қойшыбаев.

    әскери қызметшілер
    Фото: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

    Жұмыс ауысыммен ұйымдастырылған. Үйлерді су тасқынынан қорғау үшін 50 адамнан құралған топтар құм салынған қапшықтардан бөгеттер жасауда.

    Қазіргі уақытта аудандағы елді мекендерді су басу қаупі әлі де сейілген жоқ. Алайда жағдай бақылауда.

    Қарулы күштердің әскери қызметшілері ауыл тұрғындарына көмекке келді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.