jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Зеленский Пригожин ұшағының апатқа ұшырауына қатысты пікір білдірді

    Владимир Зеленский
    Владимир Зеленский. Фото: Yan Dobronosov/Global Images Ukraine via Getty Images

    Украина президенті Владимир Зеленский Евгений Пригожин қайтыс болуы мүмкін Ресейдің Тверь облысында болған ұшақ апатына өз елінің қатысы жоқ екенін айтты, деп хабарлайды РБК-Украина ақпараттық агенттігі.

    Зеленский оқиға туралы Португалия басшысымен өткен баспасөз мәслихатында айтты.

    "Украина әлем елдеріне әуе кемелеріне қатысты үндеу жасағанда, біз бұл туралы айтқымыз келмеген. Біз басқа нәрсені ойладық және қолдауды қаладық.

    Біріншіден, бұл жағдайға біздің ешқандай қатысымыз жоқ, бұл - анық. Менің ойымша, барлығы кімнің қатысы бар екенін біледі", - деді ол.

    Еске сала кетейік, 23 тамызда кешкісін Ресейдің Тверь облысында Мәскеуден Санкт-Петербургке бағыт алған жекеменшік Embraer Legacy ұшағы құлаған болатын. Кей мәліметтерге сәйкес, ұшақтың ішінде "Вагнер" жеке әскери компаниясының басшысы Евгений Пригожин болуы мүмкін.

    Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, ұшақ бортында 10 адам болған. Оның үшеуі экипаж мүшесі. Алдын ала мәлімет бойынша 10 адамның барлығы да көз жұмған.

    Бейсенбіге қараған түні Росавиация ұшақ апатынан қаза болған адамдардың тізімін жариялады. Оның ішінде Евгений Пригожиннің де есімі бар.

    Бұл ретте "BBC-дің Орыс қызметінің" жазуынша, апат кезінде Евгений Пригожиннің қаза болғанын бірнеше БАҚ хабарлаған.

    Зеленский Пригожин ұшағының апатқа ұшырауына қатысты пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.