jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    "Шатыр жұлынып, ағаштар құлаған": Жамбыл облысында дүлей дауыл тұрды

    Құлаған ағаш
    Құлаған ағаш. Видеодан кадр: youtube.com/@newsKTK

    Жамбыл облысында дүлей дауыл тұрып, көпқабатты үйдің шатырын жұлып әкетті. Секундына 28 метр жылдамдықпен соққан желдің екпінінен көшедегі ағаштар құлап, көліктерді басып қалды, деп хабарлайды КТК арнасы.

    Телеарна ақпаратынша, дауылдан зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ. Қазір қаланы қирандылардан тазарту жүріп жатыр. Ауа райының қолайсыздығына байланысты аймақтағы 4 аудан мен облыс орталығындағы оқушылар онлайнға оқуға көшірілген. Екінші ауысымда оқитын 180 мектептегі 68 мыңға жуық бала қашықтан білім алып жатыр.

    Тілші мәліметінше, дүлей дауыл тұрған Қаратау қаласындағы бес қабатты үй шатырсыз қалды. Соның салдарынан тұрақта тұрған бірнеше көлік зақымдалған. Шығын көлемі белгісіз. Синоптиктердің болжауынша, оңтүстік-батыстан соққан қатты жел күз айларында тағы бірнеше рет қайталануы мүмкін.

    "Шамамен таңғы тоғыз жарымда үшінші мөлтек ауданы, №37 көпқабатты тұрғын үйдің шамамен 300 шаршы метрін құрайтын шатыры ұшқан. Дауылды жел тоқтаған соң, келтірілген шығын көлемі есептеліп, дер кезінде қалыпқа келтірілетін болады", - дейді Қаратау қаласы әкімінің орынбасары Ұлан Сәрсенбек.

    Дереккөз: КТК

    "Шатыр жұлынып, ағаштар құлаған": Жамбыл облысында дүлей дауыл тұрды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.