jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Шымкентте 17 қабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінде шыққан өрт: 50-ден астам адам эвакуацияланды (фото)

    Шымкенттегі тұрғын үйде шыққан өрт
    Оқиға орны. Фото: Шымкент қаласы ТЖД баспасөз қызметі

    Бүгін, желтоқсанның 18-і Шымкентте 17 қабатты тұрғын үйде өрт шықты. 10-шы қабаттағы пәтерлердің бірінде ас үй, кейін лоджия өртенген. Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    ТЖД баспасөз қызметі мәліметіне сүйенсек, бүгін, дүйсенбіде Қонаев даңғылында орналасқан 17 қабатты тұрғын үйде өрт шыққан. 10-шы қабаттағы пәтерлердің бірінде ас үй өртеніп, кейін жалын лоджияны да шарпыған.

    Шымкенттегі тұрғын үйде шыққан өрт
    Оқиға орны. Фото: Шымкент қаласы ТЖД баспасөз қызметі

    "Тұрғын үйдің 10-шы қабатында алаңдағы ас үй мен лоджия өртенген", — деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі өкілдері.

    Өрт сағат 14.48-де сөндірілген. Екі адам құтқарылып, 50 адам баспалдақ арқылы өздігінен эвакуацияланды. Көз жұмғандар не зардап шеккендер жоқ.

    Шымкенттегі тұрғын үйде шыққан өрт
    Оқиға орны. Фото: Шымкент қаласы ТЖД баспасөз қызметі

    Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз.

    Шымкентте 17 қабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінде шыққан өрт: 50-ден астам адам эвакуацияланды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.