jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    SCAT әуе компаниясының ұшағы Астанаға қона алмай, Алматыға қайта оралды

    Әуежай
    Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Бүгін Алматыдан елордаға SCAT әуе компаниясының ұшағы ұшты. Бірақ әуе кемесі ауа райының қолайсыздығынан Астанаға қона алмады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Әуе компаниясының баспасөз қызметі ұшақтың Астанаға ұшқанын, бірақ елордадағы қолайсыз ауа райына байланысты Алматыға қайтып оралуға мәжбүр болғанын хабарлады.

    "Рейс түнгі сағат 01:00-ге жоспарланған. Басқа жақтан келгендер қонақүйлерге орналастырылды, ал алматылықтар үйлеріне жіберілді, хабарламалар жіберілді.

    Ұшақ қайтып Алматыға келді, төтенше жағдай болған жоқ", - деп хабарлады SCAT әуе компаниясының баспасөз қызметі.

    Еске сала кетейік, бұған дейін Қостанайға ұшқан Qazaq Air ұшағы техникалық ақауларға байланысты Астанаға қайта келуге мәжбүр болғаны хабарланған болатын.

    SCAT әуе компаниясының ұшағы Астанаға қона алмай, Алматыға қайта оралды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.